Жеңіс Қасымбек Сәтбаевтағы оқиғаға байланысты пікір білдірді (видео)

  • 24 июл, 17:53
  • Көрілім: 333

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласындағы даулы оқиғаға байланысты ресми пікір білдіріп, жағдайды тікелей мемлекет басшысы қадағалап отырғанын жеткізді. 
«Құрметті жерлестер! Өткен түнде Сәтбаев қаласында келеңсіз жағдай орын алды, бес жасар бала жоғалды. Түн ортасында бала табылды, қазір ол анасының жанында. Баланы үйінде ұстаған күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мүдделі мекемелердің барлығының басшылары Сәтбаев қаласында. Бәріміз де бала тәрбиелеп отырмыз. Халықтың ашуын түсінемін. Бірақ бізде заң бар. Кеше түнде қалада біршама құқық бұзушылық фактілері тіркелді. Көліктерге ақым келтіріліп, үйлердің терезесі сынды. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілмейді. Сондықтан қала тұрғындарын сабырға шақырамын», - деді ол. 
Айта кетейік, кеше Сәтбаев қаласында бес жасар бүлдіршін жоғалып, артынша оны қаладағы үйлердің бірінен тапқан. Бүлдіршінге сексуалды зорлық көрсетілді деген бір топ қала тұрғыны күдіктіні өздері жазалауға рұқсат етуді сұрап түн ауғанша тарқамай тұрды. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру