Еліміз көлеміндегі – оның Астанасы мен әрбір аймақ, аудан, ауыл-кенттеріне дейінгі, тіпті, әр шаршы метрінде туындайтын уақиғаларды жазады. Сол уақиғалардың мемлекеттік, ұлттық, қаржылық және мәдени мән-маңызына талдау жасайды. Жаңалықтардың оңды немесе теріс салдарына саяси сараптама жасап отырады. Сонымен бірге қазақстанның xалықаралық ұйымдармен, көрші елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынасын қадағалап, сараптап отырады.
Оқырман уақытын алмас үшін әр ұсынылымның қысқа нұсқа болуын талап етеді. Солайша, кей авторлардың жазбалары ықшамдалуы мүмкін.
Ұлт көсемі ӘЛИХАН: «Саясат ісі – адам баласы істеп жүрген ұсталықтың ең қиыны. Етікке қылатын амал тарамыспен бітеді, саясат жолында тарамыс орнында адам баласы» деген екен.
Қазір де жалпы жұрттың саяси талғамы сәбилік деңгейде екені ащы шындық. Ал, сәби дегеніңіз жыланды жалаң қолмен ұстайды...
Портал тәуелсіз пікір алаңы.
«Bairaqty» қолына алған.