Биліктегі адамдарда махаббат бола ма?
Отбасы құру оңай емес. Егер сіздің жан серігіңіз қатыгез тиран және зұлым адам болса, онда отбасы жарасылымдылығын сақтау тіптен қыйын. Миллиондаған адамдардың өмірін ойрандаған нағыз диктаторлардың серігі болуға әйелдерді не итермелейді? Жоқтық па? Әлде билік пен ақшаға деген құмарлық па? Әлде расымен де махаббат па? Олай болса, сауылымыздың жауабын тарих беттерінен, өткен өмірдің өшкін естеліктерін іздеп көрелік!Ли Соль ЧжуАтақты Ким Чен Ирдің әйелі сүйкімді Ли Соль Чжудың тағдыры туралы, тіптен, отаны Солтүстік Кореяның өзі туралы көп ешнәрсе білмейді. Жас кезінде Ли ән айтуды жақсы көретін және елге танымал «Пончеонбо» ансамблінің солисі болған. Оның күміс көмейімен көз арбар сұлулығы зұлым диктаторды жеңді. Лидің Интернеттегі фотоларына қарап оны тиран әйелі деп ойламайсыз. Іс-шараларда ол жиі Chanel мен Dior-ның көйлектерімен, сәнді әшекейлерімен көзге түседі. Ли - Солтүстік Кореядағы Ким Чен Ирдің атасы мен әкесі бейнеленген белгішені кимеуге құқылы жалғыз әйел.
Ева БраунЕва Браун Гитлерден 23 жас кіші болатын. Фюрердің өміріне нағыз құтқарушы сияқты кірді. Адольф Гитлердің жиені және сүйіктісі Гели Раубельдің өзін-өзі өлтіруінен кейін болашақ басшы депрессияға түсті. Хауа бақытсыздарды сауықтырды. Фюрермен 15 жыл «достықта» қатынаста болған бойжеткен әлі күнге дейін отбасылық өмір Гитлер үшін бос нәрсе екенін түсінбеді. Оның жалғыз тағдыры - ғашықтың бейнесін сомдау болды. Әрине, ол бәрін жасамаққа ниеттенді, тіпті, екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Ақыры соңында Адольф пен Хауа өлімінен бір күн бұрын ғана некелесіп, ресми түрде отбасы құрды.
Цзянь ЦинБұл әйелдің өмірі туралы том-том роман жазып, фильмдер түсіруге болады. Цзян Цин Қытайдың шығысындағы шағын провинцияда кедей отбасында дүниеге келді. 15 жасынан бастап ол түнгі клубтарда актриса, биші және әнші қыз болып жұмыс істеді. Ол күшті адамдардың басын айналдырып, олардың ақшалары мен күштерін өз мүддесіне пайдаланды. Мао Цзэдун коммунистік Қытайдың басшылығында тұрған кезде Цзянь оны қарату тәсілдерін қарастыра бастады.
Сондай-ақ ол коммунистік партияға кірді. Әрине, оны бұл шешімге биік мұраттар емес, Маоға деген жоспарлары алып келді. Революция жетекшісінің әйелі болған Цзянь партияда ықпалға ие бола алмады. Ол тым авантюрист болып саналды. Ал сырт көздерге ол айлакер, өзімшіл болып көрінді. Мао өлімінен кейін Цзян Цин қастандық жасады деп айыпталып, түрмеге жабылды. 15 жылдан соң бостандыққа шыққан ол он күн өтер-өтпестен өзі емделіп жатқан ауырухананың жуыну бөлмесінде асылып жан тапсырды.
Имельда МаркосФилиппин диктаторы Фердинанд Маркостың әйелі Имелда Маркос «болат көбелек» деп те аталды. Мұндай лақап ат оған бекер берілмеген. Имельда сыртқы тартымдылығымен қоса өткір ақыл мен күшті мінезге ие болатын. Ұзақ уақыт бойы ол күйеуімен бірге бүкіл елді басқарды.