«Менің естуім бойынша, адамның миы тек қан толық ағып кеткен кезде ғана жұмысын тоқтатады екен. Демек, ол басы кесілсе де «көру», «есту» тақілеттес қабілеттерінен бірнеше минут айырыла қоймайды», - дейді желі қолданушыларының бірі.
Бас кесу үрдісі Француз революциясынан кейін жазалаудың гуманды түріне айналды. Бұл жазаны «гуманды» деуіміз – тарихтағы адам моралімен санасқан түріміз.
Кесілген бас «ашуға булыққан»
1793 жылдың наурыз айынан 1794 жылдың тамызы аралығында өткен Француз революциясында 14 мың адамның басы кесіліп, қан жылға-жылғаны қуалап, өзенге айналған деседі.
Ғалам жұртшылығының назарын аударған, көпшіліктің қызығушылығын туғызған тақырыптағы сұрақ осы кезде пайда болыпты-мыс.
Жағдайдың әлқиссасы былай. Революция көшбасшысы Жан-Поль-Маратаны өлтірген Шарлотта Кордэ абайсызда қолға түседі. Өз басшыларының жанын қиған әйелді революционерлер де аямаған. Оны өлім жазасына кесіп, бас кесу үрдісімен өлтіреді.
Өлім жазасы орындалған жерге жиналғандардың тісінен түрлі қауесет тарап, кесілген басты революционерлердің бірі қапшықтан алғанда ызаға булыққан әйел қызарып кеткен екен деседі. Ал кейбірі ол өзінің тарапына айтылған ауыр сөздерден ашуланды деген пікірді алға тартады.
Оның анық-қанығын бір Құдай білер. Ендігі сұрақ мынау: мұндай жағдай болуы, тіпті, мүмкін бе?
Адам миы бірер секунд өмір сүруі ықтимал
«Ашудан жүзі қызарып кетті деген мүмкін емес. Адамның бет-әлпеті қызару үшін қан қысымы артуы тиіс», - дейді Орхус университетінің зоофизиология профессоры Тобиас Ванг. Ол өзінің саналы ғұмырын қан айналымы мен зат алмасу процесі тақырыбына арнаған ғалым ретінде белгілі.
Профессор «қызаруға» қатысты пікір айтқанымен, басы кесілген адамның санасындағы сәуле бірнеше секундтан кейін ғана өшуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Біздің миымыз денеміздің салмақ үлесінде 2 пайыз ғана орын алады. Сондықтан, ол 20 пайыз энергияны тұтынуы мүмкін емес. Онымен қоса, мида гликоген қоры жоқ. Егер әлгіндей жағдай болып жатса Құдайдың құдіретін шығар», - деді ол.
Бассыз тіршілік етушілер
Бауырымен жорғалаушылардың, әсіресе, жыланның басын кескенді көзіміз көрді, тіпті, қолымызға да таңсық емес. Бірақ бассыз 3-4 күн тіршілік ете алатын тіршілік иесі – тасбақа. Таң қалмаңыз! Әрине, бұл қатарда жылан да бар.
Құпиясы – аталған бауырымен жорғалаушы, қосмекенді тіршілік иелерінің денесінде зат алмасу процесі өте баяу жүруі. Сондықтан да олар дене мүшелерінің біріне зақым келген жағдайда біршама уақытқа дейін тіршілігін жалғастыра бермек.