Mazir
18 янв 11:39korilim:1 358 Ашық әңгіме

Биопринтер: адам ағзасын басып шығару


Қазіргінің жастары  үшін 3D принтер деген ұғым  таң­сық емес.  2010 жылға дейін бұл ұғым естіген жан­ды елең еткізетін.  Қазір 3D   принтер арқылы жа­сал­ған алып та, күрделі дүние­лерді бұқа­ра­ның  көріп  жүргені  де  рас. Тым бол­мағанда  интер­нет­тен көре­ді.  Дегенмен  жаңа тех­ноло­гия­ның игілігін адам өмірі мен  денсаулы­ғын сақ­тау­ға пайдалану соң­ғы жыл­дары қарқын алып келеді. Әңгіме – ме­ди­цинадағы 3D  техно­ло­гия төңірегінде бо­лып тұр.

Медицина саласында 3D прин­тер пайдалану аталған техно­ло­гиялармен бірге дамығандай көрінеді. Алғаш рет үшөлшемді принтерді америкалық ғалым Чарльз Халл 1984 жылы пайдала­нып көрсе, бұл технология меди­цинаға 1999 жылы жетті. Сол жылы АҚШ-тың Каролина штатындағы Уэйк Форест университетінің ғалымдары үшөлшемді принтер арқылы адам қуығының қалыбын жасады да, оны пациенттің жасу­шаларымен қаптады. Сөйтіп, жасушалар өсіп, кәдімгі қуыққа айнал­ғаны бар. Осылайша, меди­цинадағы үшөлшемді принтер дәуірі басталған. Қазір жаһанда медицинадағы 3D технология жақсы дамып келеді.
 


Жаһандық нарық миллиард доллардан асты

Медицина саласына енгізілген үшөлшемді технологиялар нары­ғы­ның тым қарқынды дами­ты­нына сенетіндер аз болды ма, әйтеуір 2015 жылғы болжам бо­йын­ша аса жоғары болмаған-ды. Сол кезде медицинадағы 3D тех­но­логиясы нарығының мөлшері 2018 жылы 1 млрд долларға жет­пейді деген болжам жиі айтыл­ды. Дегенмен кейін Grand Viev Research сарапшылары тек биоп­ринт нарығының өзі 2018 жылы 965 млн-ға жететінін айтып, жыл­дық өсім 2026 жылға қарай 19,5 пайыз болады деген-ді. Ал Market Research Future мамандары болса, бұл өсімді 2023 жылы 24,59 пайызға жетіп, нарық көлемі 1,92 млрд доллар болатынын алға тартқан. Іс жүзінде медицина саласына енген 3D технологияны тұтас қарастырмай-ақ, тек биопринтинг нарығына шолу жасасақ, оның қарқынды өсіп келе жатқанын байқаймыз. Қазірдің өзінде био­прин­тинг нарығының көлемі 1 млрд 900 млн долларға жетті. Де­мек, осы қарқынмен дами бер­се, медицинадағы үшөлшемді бар­­лық технология емес, бір ғана био­принтинг саласының өзі бір­неше миллиард долларлық на­­рық қалыптастыратын түрі бар. Әзірге бұл нарықта Жапо­ния, Германия, Швеция, Фран­ция, АҚШ, Канада, Қытай, Швей­цария елдерінің компа­ния­лары белсенділік таны­тып келеді. Австралия, Израиль тәріз­ді мемлекеттің зерттеу орта­лық­тары да аталған бағытқа ден қоя бастады. Көрші Ресейде дәл биопринтинг саласын кәсіп еткен компаниялар сирек. Әзірге белгілісі тек 3D Bioprinting Solutions лабораториясы. Алай­да ре­сейлік ғалымдар өзге әріп­тес­тері­нен қалы­сатын түр бай­қат­пай­ды. Был­тыр ресейлік ғарыш­керлер Халықаралық ға­рыш стан­сасында тышқанның 6 қал­­қан­ша безі мен адамның 6 дана шемір­шегін жасап шығарды. Ал Қазақстанда медицина саласында биопринтинг кездесе қойған жоқ. Алайда 3D принтер арқылы про­тез жасайтын орталық бар. Про­тез жасаудың медицинаға жана­ма түрде қатысы болғанымен, ол аты­шулы биопринтинг техно­ло­гия­ларының қатарына кірмейді.
 


Трансплантологтар үміт күтетін сала

Әдетте, 3D принт пен биоп­рин­тинг ұқсас болып келеді. Тек жалғыз айыр­машылық бар. Стандартты 3D принтерде темір, керамика, пластмасса, резеңке және тағы басқа материал пайдаланылса, био­принтингтің «сиясы» басқа зат­тар. Биопринтерлер био­ма­те­риал­дарды, тірі жасушаларды қолданады. Алғаш рет 1999 жылы қолданылған биопринтерлер арқылы осы күнге дейін талай дүние жасалды. Қазір медицинада биопринтинг арқылы адамның терісін, сүйегін, құлағы мен мұр­­нын, имплантанттарды, қан тамыр­­лары мен жасушаларды жа­сап жатқан орталықтар бар. Одан бөлек, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдық жасау да қиын емес. Мәселен, австралиялық ға­­лымдар операциядан соң   адам де­несінде ешбір тыртық қал­дыр­­майтын, кесілген жерді «жа­мап» беретін, көлемі қаламдай ғана био­принтер ойлап тапты. Одан бөлек, биопринтермен жүрек, бүй­рек, бауыр тәрізді ағза­лар­ды жасап жатқандар да бар. Дегенмен биопринтер арқылы жасал­­ған күрделі ағзалар адамға еш­қашан салынған жоқ. Бірақ био­принтерден шыққан кей­бір ағзаларды бойына қондыр­ған азаматтар да аз емес. Мәсе­лен, америкалық Люк Масела есімді азамат 2001 жылы қуы­ғын ауыстырды. Ғалымдар Люк­тің қуығынан 100 жасуша алып, биопринтер арқылы екі айда жасу­ша санын 1 млрд-қа жеткіз­ген. Әрі процесс барысында атал­ған жасу­ша­лар жаңа қуық «жасап» шық­қан. Сөйтіп, трансплан­то­ло­гия кезінде жаңа ағзаны Люктің денесі жатсынбады. Қазір аталған азамат тәп-тәуір тұрмыс кешіп жатыр.
Адамның өзінен жасуша алып, оны 3D биопринтер арқы­лы өсіріп, белгілі бір ағза жа­сау трансплантологтарға үміт сый­лайды. Өйткені адамның өз жасу­ша­сынан жасалған «затты» ағза жатсынбайды. Мұндайда сырқат адам өзіне-өзі донор болады. Дерті бар адамның ағзасынан алынған жасуша арқылы биопринтерден бүйрек пен бауыр, жүрек тәрізді қажет ағзаны жасап береді. Ал мұны адамның өз ағзасы кері теп­пейді. Ал дәстүрлі трансплан­то­логияда донор беретін ағзаның сырқат адамның «бойына бітуі» қиын іс. Донор табылғанның өзінде ағзаның сәйкесуі, тіпті оны дерті бар адам денесінің қабылдауы тәрізді сансыз мәселе бар. Биопринтер арқылы ағза жасау­да мұндай проблема жоқ. Бірақ бүйрек, жүрек, бауыр тәрізді ағзалардың құрылымы тым күрделі болғандықтан, әзірге биопринтер арқылы жасалған «затты» адам бойына салу дерегі тіркелген жоқ. Тәжірибе кезінде көбіне тышқан мен егеуқұйрық ағзаларынан жасуша алынып келді. Дегенмен израильдік ғалымдар былтыр адам жасушасы арқылы биопринтермен шағын жүрек «өсіріп» алған. Бірақ оны сынап көруге тәуекел ете алмай отыр.

 
Басып шығару
lasuna usa - order diarex generic buy himcolin

buy besivance without prescription - generic besifloxacin sildamax online order

gabapentin 800mg ca - buy azulfidine 500mg generic order sulfasalazine online

buy diclofenac 100mg for sale - voltaren order buy aspirin 75 mg pill

oral rumalaya - shallaki cost elavil 50mg oral

buy generic mestinon over the counter - cheap imuran 50mg buy imuran 25mg for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15