Жаңа жылдық кеште бір стакан шампан адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін бе?
Медицина ғылымдарының докторы, И.М.Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі Алексей Умрюхин былай дейді: «Бір стакан шампан ағзаға ешқандай зиянын тигізбейді, бірақ адамдар көбінесе алкогольді бір стақанмен шектей алмайды, осылайша оны көп мөлшерде пайдаланып қояды»
Ол әр адамның алкогольге деген төзімділігі бар-жоғын білуі керек екендігін және соған байланысты алкоголь ішу-ішпеу туралы шешім қабылдау керектігін айтты.
Өз кезегінде Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық алдын-алу бөлімінің бас маманы Екатерина Иванова алкогольдің қауіпсіз дозасы жоқ екенін атап өтті: адам қанша көп тұтынса, ағзаға да соғұрлым көп зиян келеді.
Басып шығару