26 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналист, ұстаз, ғалым Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты шара ректорат фойесіндегі Т. Амандосов шығармашылығына арналған кітап көрмесі және «Өмірінен үзік сырлар» атты фотокөрмемен таныстырудан басталды. Кейін бұл шара Т. Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: «бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты офлайн және онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.
Фото: kaznu.kzКонференцияға жазушы, кинодраматург, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері Смағұл Елубаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы, журналист Қайнар Олжай т.б Амандовтың еңбек жолын білетін азаматтар қатысып, сөз сөйледі. Амандосовтың білімін, ізденісін, табандылығы мен талатын тілге тиек етіп, жастарға өнеге болар тұлға екенін жеткізді.
Осыған орай «Амандосов байқауы» өтті. Байқауға магистранттар мен студенттер «Үздік ғылыми жұмыс, үздік баспасөз жарияланымы, үздік ғаламтор жарияланымы, үздік мультимедиалық жоба, дизайн өнерінің үздік туындысы» номинациялары бойынша өз жұмыстарын өткізді. Қазылар алқасының төрағасы, демеушілер - Т.М. Көпбаев – 200 мың теңге, ф.ғ.к., доцент, «Қазығұрт» баспасының директоры, А.Б. Халбеков, Алматы қаласының Мәдениет бөлімі – 300 мың теңге, Егембердиев Ысқақ Дүйсембайұлы, Атырау әкімдігі – 100 мың теңге.
Амандосов еңбектері – қазақ журналистикасының теория негіздері болып табылады. Журналистикаға келген әр жастың ең әуелі «Амандосовпен амандасып» алғаны артық етпейді. Амандосов еңбектері кенді тау десек, сол кеннен кім нені қортқысы келеді өз қалауы.Негізгі ұйымдастыру алқасының толық құрамы мынадай:
Төраға: Рамазанов Т.С., физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры.
Төрағаның орынбасары: Мәдиев С.Ш., филология ғылымдарының кандидаты, журналистика факультетінің деканы.
Мүшелері: Рамазан А.Ә., «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент; Сләмғажы А. «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары.
Авторы: Нұрбек Қошкелген