"Алтын тобылғы" байқауының жеңімпазы анықталды
18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар арасында өткізілетін дода Нұр-Сұлтан қаласында осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биыл байқауға 170 жұмыс ұсынылды деп хабарлайды Bairaq.kz порталы Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Ұсынылған шығармаларды еліміздің белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен журналистер бағалады. Көркемдік стилін, эмоционалды және эстетикалық әсердің тереңдігін, авторлар ойының жүйелілігін, идеясының өзіндік ерекшелігін бағалады. Бас жүлде Нұртас Тұрғанбекке бұйырды.
"Жалпы "Өткенге өкініш" деген шығарма өзім жайлы. Кішкентай кезімнен атамның жанында көп жүрдім. Сол кезде ойымда қатты өкініш болып қалып кеткен бір дүние бар. Ол – атам қайтқаннан кейін достары үйге газет сұрай келгенде тауып бере алмадық. Сол кезде жәй ғана "әй сені де" деп кететін. Сол кісілердің өкініп кеткені жүрегімде қалып қойды. Міне, шығарманың тууына сол бір ауыз өкініш сеп болды", - деді "Ұлы даланың жасампаз ұрпағы" аталымы бойынша жеңімпазы Нұртас ТҰРҒАНБЕК.