Mazir
19 авг 13:08korilim:3 268 Adebiet

Тағы да Мемлекеттік сыйлық туралы. Рушылдықпен әдебиет жасауға болмайды (Маржан Ершуға хат)

Телефонда әдебиет әлемінде жүрген бір қаламдас үн қатты. Күңіреніп сөйледі. Жақын кісісі қайтыс болған екен деп ойлап, абдырап қалдым. Жоқ. Аманшылық. Күңіреністің сыры – Мемлекеттік сыйлықтан «құлап» қалыпты. Мен де өтпей қалыппын. Бір-бірімізге «көңіл» айтыстық. Ол үміткерлер көбірек өткен өңірді бір руға теліп, қарақазандай өкпесін айтып, сыртынан біраз сілкіледі. Араға күн салып, Маржан (Ершу) қарындастың найман руын қарғап-сілеген жазбасын оқыдым ф/б-дан. Амалсыз қолға қалам алдым. Өзім Найман руынан болсам, жолым жіңішке болар еді. Найман руынан емеспін. Сондықтан таразы пікірімді айтуыма жол бар. 

Өмірде де, өнерде де өз бойындағы сәтсіздікті бәсекелес азаматтың руына теліп, айқай-сүрең әңгіме айтатын болдық ұялмай-қызармай. Осымыз не, біздің? Жақсылыққа апаратын жол ма осы? Жақында Олжас Сүлейменов жайында пост жазып, қазақты ұлтшылдық тұтастыққа жібермеу үшін, рушылдық дерттің бізге сырттан таңылғанын біраз айтсам керек. Әйтпесе, қазақ ХХ ғасыр басында ұлтшылдық кезеңді басып өтіп, түрікшілдік биігіне дейін жетіп еді ғой. Енді, міне араға ғасыр салып рушылдық батпағына батып отырысымыз. Бөлінгенді бөрі ашар. (Башқұрт). Ресей мен Қытай секілді екі алып елдің арасында шықпа жаным, шықпалап отырған қазақ елі үшін бұл құрдымға құлаудың алғышарты. Мейлің күл, мейлің жыла, жағдай осылай!


Маржан қызым, Сенің Сәуле Досжанова (менің жеңгем) жайында араша түсіп жазған постың түгелімен даулы һәм бір найман руы үшін ғана емес, тұтас қазақ үшін қатерлі.

Мәселеге нақтырақ келейін. 

1.Сен айтып, сыртынан жұдырық түйіп отырған, әлгі інім сыртынан сыпыра (Жазушылар одағын, хатшыларымен қоса) «боқтап» жіберген ( Қадірбек Сегізбаев, Тұрысбек Сәукетаев т.б) бәрі бірдей Найман руынан емес екен ғой. Бетімнің оты шыға отырып сұрап білдім. Тіпті Сен айтқандай, бәрі бірдей Найман руынан болған күнде, шығармашылық ісіне рудың қаншалық қатысы бар, қызым-ау? Сараптаушы комиссия бар емес пе?! Әлде, комиссия түп-түгел Найман руынан бас құраған ба? Мұның әділетсіздік, қалқам.

2. Сен менің жеңгем Сәуле Досжанованы бұрын Мемлекеттік сыйлық алған Роза Мұқановамен салыстырып бірін көкке көтеріп, бірін жерге тығып жіберіпсің. Бұл пікіріңмен де келісе алмадым, қызым. Неге? Роза - драматург. Сәуле - прозашы. Екі жанрдың дарыны әр деңгейдегі екі қызын өзара салыстырып, оны да рушылдыққа (найманшылдық) апарып тірейсің. Қалқам-ау, логика қайда?

3. Осының аз-ақ алдында Әлібек (Асқаров) дос телефондап, «Құлбек, құлап қалдың. Шартқа сәйкес келмедің. Бірінші турдан біздің өңірдің жігіттері көбірек өтті. Жұрт менен көре ме, қайдан білейін. Ал, мен соларға дауыс бергенім жоқ»-деген еді. Алаштың түбіне жеткен «Тілмәшті» айта келіп, «Сатқын біздің рудан шыққанда ғой, қоғамдық-саяси өмірдегі сатқындықтың бет пердесін сыпырып тұрып ащы айтар едім. Ал, мына «Тілмәштің» қиыны басқа рудан болып тұр. Әшкерелеп айтсаң, ағайындары ренжиді. Соңыңа түседі...» Бұл Сенің тағы бір кейіпкерің Тұрсын Жұртбайдың оңаша айтқан сыры. Осы екі азаматтың тұрмыстағы қалжыңға сүйеп айтқан (ондада айта қойса) пәндәуй сөзін Мемлекеттік сыйлықтың бұрмалануына әкеліп саясың. Қолдан ұйымдастырды дегің келеді. Бұның түбірімен қате, қалқам. Отқа май құюшылық. Құрыққа сырық жалғау. Ұят әңгіме. 


4. Бірде Роза Мұқанованы, бірде Жанат Әскербекқызын іліп-шалуыңа қарағанда, әдебиетте азды-көпті еңбегі бар қыздармен Сенің өзара ынтымағың жоқ секілді. Жазушылар съезінде М.А.Шолоховтың «Әдебиетте әйел не бітіре қойсын?! Олар өз функциясын білуі керек»-деп қатты айтып жібергенін оқыған боларсың.Стенограммасы Ұлттық кітапханада сақтаулы. Қате пікір, әрине. Басқасын былай қойып, тарихты көлденеңінен басып өтіп келе жатқан, түрікке жиеншар Анна Ахматованың өзі не тұрады? Асқан жазушының астам пікірі дейміз дә мұны. Қазақта әрісі Мәриям Хакімжанова үкілеп ұстап, тәрбиелеп (өлгенін іздеп, тірісін тәрбиелеп) әкелген, берісі Фариза Оңғарсынқызы жетелеген бірсыпыра қаламгер қыздар бар әдебиетте. Екеуі жайында да жазған мына Мен әдебиеттегі қыздардың ынтымағын тілеймін. Ал, Сен Фариза болуға тырыспа, Маржан болуға тырыс. Мына заманда Фариза қайта туса бұрынғы Фариза бола алмас еді...

Сонымен, Маржан қызым, Сенің ф/б-да жазған постың біз сияқты Мемлекеттік сыйлықтан құлаған менің жеңгем Сәуле Досжанованы қолдау емес, құрыққа сырық жалғаған жалған өсек, Сәулені отқа итеру болып шығыпты. Әрі рушылдық отына май құюшылық... Басқа ештеңе де емес. Қазақ үшін қасіретті. Сәуле сыйлықтан құласа оны рудан көру – қате, оны Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссиядан көру керек. Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның бұрынғы құрамы жөнінде өз пікірімді айтқанмын. (Жүсіпбек Қорғасбек сияқты сыйлас інілерімнің араша түсуіне қарамастан өз пікірімде қалам. Бұл мәселеге қайта оралуым да мүмкін.) Комиссияның биылғы құрамын жақсы білмейді екенмін. Темірхан Медетбек, Тынымбай Нұрмағамбетов, Мереке Құлкенов құрамға биыл қосылды деседі. Үлкен байлық. Құдайы бар адамдар, турашыл жазушылар. Осындай құрамдағы комиссияға сенгім де келеді.

5. Мен архивариус жазушымын. Кезінде М.Әуезов, С.Мұқанов шығармалары КСРО Мемлекеттік, Лениндік сыйлықтарға қатар ұсынылған кездері бір-бірінің үстінен жазған өкінішті эпистолярлық жазбаларды ОМӘӨ (ЦГАЛИ) архивінен оқығанмын. Кейбірін көшіріп алдым. Бүгінгі әдеби ортаға, жәми оқырманға ашылып әңгіме айтуға ұяламын. Екі алып үшін де. Ішімнен тынған сол сәттері ОК хатшысы Ілияс Омаровтың Жоғары мәртебелі комиссияға жазған ресми хатын оқып күйзелістен шыққан едім. Бұл күнде бақилық екі алыпты да пендешілік батпағына батырған СЫЙЛЫҚ деген нәпсі не деген ыстық еді, шіркін?! Ал, біз – бүгінгі ұрпақ бақилық қос алыптан әулие емеспіз. Классикалық шығармаларынан өнеге алатын біздер, пендешілігінен де сабақ ала білсек екен ендігі жерде.

Ал, Сәуле жеңгемнің арзан сөзге арандамағанын, сыйлық үшін күйзеліске түсіп, арзан жарнама үшін табанынан тозбауын қалаймын. Ол жазған «Қасірет пен тағдыр» дилогиясы тақырыбын ашу, бағалау үшін, Семей ядролық полигонын жаптыру қадамына тұңғыш барған КПСС қайраткері Кешірім Бозтаевтай асыл азаматтың қаламынан туған деректі екі қасіретті хикаятты оқудан бастау керек шығар асылы. Тақырыптың игерілуі, әдеби дәстүр мәселесі жөнінен жапон жазушысы Кэндзабуро Оэ деректі дүниелерін де қатыстыра қарастыру жөн шығар. Өмір баспалдақтарын абыройлы басып өтіп келе жатқан аяулы жеңгемнің, өнерде де абыройлы жүруіне тілектеспін. Өнер жолында өлермендік керек десек те, «өлермендікпен өнер жасалмайтынын» (А.Сүлейменов) ұмытпайық! 

6. Маржан қызым, Сенің қаламыңнан туған үлкенді-кішілі шығармалардың біразынан хабардармын. Тіпті Орхан Памуктен «Сезім музейі» (2021) атты аудармаңды да оқып шықтым. Сен әдебиетке енді беттеп келе жатқан әйел баласысың. Әдебиет – өнер. Өнер болғанда да, «СӨЗ ӨНЕРІ» (А.Байтұрсынұлы, Н.Гей, З.Қабдол). Ұлттың, жұрттың кір шалған, ласталған жанын тазартатын – өнер! Сондай өнерді рушылдық батпағын жағып кірлетпеген жөн. Өнер дүниесіне таза келгеніңді қалаймын, Маржан қызым! 

Ал, ру және рушылдық асықпай талдайтын мәселе. Рушылдық жайында келесі хатымда жазармын. Сау-сәлеметтікте тұрайық, қызым!

Сәлеммен қаламдас ағаң, Құлбек Ергөбек!

Басып шығару
cheap lasuna generic - order diarex generic cheap himcolin generic

buy neurontin 100mg generic - buy gabapentin 100mg pills buy cheap generic sulfasalazine

cost celecoxib 100mg - flavoxate pill indomethacin 75mg for sale

buy voltaren 50mg without prescription - buy aspirin without prescription order aspirin 75mg generic

buy generic rumalaya for sale - purchase rumalaya for sale buy endep 50mg pill

mestinon 60 mg price - buy generic pyridostigmine order imuran pills

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15