Mazir
15 дек 19:35korilim:2 370 Adebiet

Пушкинді өлтіргеннен кейін Дантес қалай күн кешті?

Әйгілі орыс ақыны Александр Пушкинді жер жастандырған Дантес тамаша ғұмыр кешіп, Еуропадағы саяси аренада зор беделге ие болған-мыс. Ақын қанын мойынына жүктеген азамат 83 жыл өмір сүріпті.



Дантес 1833 жылы Эльзастан Ресейге қайта оралады. Өзінің артынан Франциядағы патшайым Мария Каролинаның баласы Генрихке тақты алып беру мақсатында жасаған «Бурбон-Сицилия» көтерілісіне қатысты деген мифті ерте келеді.

Расында, зерттеушілер Дантестің Бурбондар әулетіне беріле қызмет жасағанын жоққа шығармайды. Дегенмен, дантес жоғарыда аталған бас көтеруге қатыспаған деген тұжырым шындыққа жанасыңқырайды.

Ресейге оралу сапарында Дантес нидерландылық елші – барон Луи Геккернмен танысады. Сымбатты әрі жас француз лауазымды болса да, әлі күнге бала сүймеген елшінің іші-бауырын елжіретеді. Геккерн де өзінің жаңа танысына барынша қолдау көрсетіп, оны биікке көтеруге ұмтылыс жасаған.

Дантес жаңа танысы арқылы император Николай І мен патшайыммен таныстық жасайды. Француз, әсіресе, патшайымға қатты ұнаған. Ал патша фрнацузды Кавалергард полкіне корнеттер қатарына қосуға бұйрық беріп, ақшалай сый жасайды.

Ақырында Геккерн жас французды асырап алады. Дантес те оның тегін қабылдап, әкелі-балалы қатынасқа көшеді. Геккерн өзінің «баласына» барынша әкелк мейірім көрсетуге тырысып бақса да, жүрексіз француз оны тек өз пайдаларына ғана қолданып жүрді.

«Шақырылмаған қонақ»

Дантес Ресейге де кездейсоқ келмеген еді. Бұл жақта оның алыс туысы, графиня Вартенслебен тұратын. Ол кезінде Мусин-Пушкин аталатын графтардың біріне ұзатылған. Демек, Дантестің өзі Александр Сергеевичке бөтен адам болмай шығады.
Арада біршама уақыт өткенде Пушкин мен Дантестің туыстығы тағы да тереңдей түскен. Француз ақынның әйелі Натальяның сіңлісі Екатерина Гончарованы қалыңдық етеді.

«Қызғаныш, шіркін...»

Дантес пен Наталияның арасында ақынның қызғаныш сезіін оятарлықтай жағдай орын алды,алмады ма, ол жағы беймәлім. Бірақ ел арасында осы тақырып төңірегінде әлі күнге дейін сыңаржақ пікір қалыптасқан.

Көпшілік пікірінше, француз түрлі кештерде ақынның әйелі Наталья Николаевнаға ашықтан-ашық жақындығын білдіріп жүрген. Тарихшылардың басым бөлігі де осы пікірге арқа сүйейді. Анығында Дантес Натальяға еріксіз ғашық болып қалады. Содан кейін жымысқы ойлар санасын жаулап, сұлу келіншекті өзінің құшағына алуды ойластырады.

Пушкиннің және оның жақын достарының 1836 жылы белгісіз жолдаушыдан «Рогоносецтің дипломы» деген мәтіндегі хаттар алуы – оның жымысқы ойларының жемісі. Абыройын аяққа таптаған француздың дарақылығына төзбеген Пушкин оны дуэльге шақыруға мәжбүр еді.
Александр Сергеевич дуэльге шақыру туралы хабарлама жібергенде, оны «ұлының» атынан Геккерннің өзі қабылдады. Артынша екі апта мұрсат беруін сұрады. Ал осы екі апта уақыт ішінде Дантес Еуропадан бір-ақ шығып, Екатерина арқылы ақынның ашуын басуын өтінеді. Әйелінің сіңлісін бақытсыз еткісі келмей, амалы таусылған ақын ақыры дуэльді шегеруді ұйғарды. Дантес осы аралықта, нақтырақ айтсақ, 1837 жылдың 10-қаңарында Натальяның сіңлісімен үйлену тойларын жасады.

Хат арқылы шешілген тағдыр...

Екатерина Гончарова әпкесі секілді сұлулығымен ерекшеленбейтін. Осы себеп болды ма, әлде ғашықтық оты байыз тапқызбады ма, әйтеуір неке қию рәсімінен соң-ақ Дантес қайтадан Натальяны жағалай бастады.

Мұны байқаған Пушкиннің сабыр-төзімі осы тұста түгесілді. Қаңқу сөздерден, бейтаныс хаттардан мезі болған ақын Геккерннің өзіне хат жазып, хатында екі туысын да үйінен көргісі келмейтінін, ал Данестің мерезбен ауыратынын жайып салады.

Осы хаттан кейін ғана дуэльге екі тараптық келісім жасалады. 27-қаңтар күні Қара жағалауда атақты дуэль орын алады. Жекпе-жек кезінде Дантес те, пушкин де жарақат алады. Ішіне тиген оқ екі күннен кейін атақты ақынның жанын жалмады. Ал Дантестің қолынан алған жарақаты оп-оңай жазылып кеткен.

Напалеонның ІІІ сеніміне кірген Дантес үш бағытта түрлі саяси миссияларды мүлтіксіз орындады. Олар: ресейлік, австриялық және пруссиялық бағыт. Францияның Сульце қаласының мэрі деген атаққа дейін көтерілсе де, Дантес Ресей жайын ұмыта алмады. Әсіресе, әйелі Екатерина Гончарова өмірден өткен кезде, Гончаровтар отбасына қайта шүйлігіп, орынына әйел беруді талап етеді. Көздегені – Пушкиннің балаларының анасы Наталья. Бірақ оның талаптарына қатқыл жауап алды.

Денсаулығынан кінәрат болмаса да, байлығы ернеуінен асып төгіліп жатса да, Дантестің көңілін алаң қылған бір жай бар еді. Ол – француздың психикалық ауытқуларға шалдыққан қызының Пушкин өлеңдерін құлай сүюі.

Дуэль туралы оқып-білген қызы оны өле-өлгенше қаныпезер деп атап кеткен. Әке мен қыздың сүйегі қазіргі күні де қалалық мазаратта қатар жатыр.

Өлең құдіреті, сөз парасаты – ақынның жалқы қаруы...

Әділет Мәдениет
Басып шығару
cheap lasuna sale - himcolin over the counter buy himcolin online

neurontin 600mg cheap - purchase gabapentin generic buy cheap generic sulfasalazine

probenecid online buy - order etodolac 600mg generic purchase tegretol

diclofenac 50mg oral - aspirin medication aspirin 75 mg uk

order generic rumalaya - order rumalaya for sale generic endep

order pyridostigmine online - buy imitrex 25mg pill purchase azathioprine for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15