Mazir
20 дек 12:26korilim:1 110 Adebiet

Жұмекен – мәңгі өмір сүретін ақын


Қазақ өнерін, қазақ әдебиетін тануға ұмтылған, жауһар жәдігерлерді көңілге түюге талпынған кейінгі буын – біз. Кейінгі буын қатарына айтылар сын, тағылар мін көп. Дейтұрғанмен, арбаның артқы дөңгелегі алдыңғысының ізін басары анық қой. Осы оймен өзіміз тізгінін ұстаған Bairaq.kz порталындағы «Жұмекеннен жүз өлең» жобасына бір шимай қосуға ниеттендік. 

Bairaq.kz порталындағы «Жұмекеннен жүз өлең» жобасын қолға алғанымызға төрт айға жуық уақыт өтті. Осы аралықта жоба жетекшісі, ақын, жұмекентанушы Алмас Ахметбекұлы жүзден аса өлеңге талдау жасап, белгілі журналист Қайнар Олжай көлемді мақала ұсынды. Осындай құнды дүниелерді портал бетіне орналастыра жүріп Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығына біршама қанықтық, қызықтық, басымызға жастана оқып тамсандық. 

 «Бізге жас буынның көзқарасы да маңызды» деген Алмас Ахметбекұлының лепесінен соң осы дүниені жария етіп отырмыз. 
***
Жұмекеннің тумысынан өнерге жуық болғанын ғұмырбаянынан білеміз. Қарағандыдағы шахтада жұмыс істеп, Құрманғазы атындағы консерваторияны соңғы курста тастап жүре бергенін де оқыдық. Осының бәрі оның поэзияға деген махаббатының жеңісі деп есептейміз. 
Риясыз махаббаттың, алапасы биік ақынға тән асқақтықтың, адами тазалықтың, ұлтын сүйген азаматтың, өнерге деген саф көңілдің шын үлгісі – Жұмекен! Қазақ әдебиетіндегі ерекше өлең, талғамы жоғары оқырман көңілінен шығатын жыр, жұмбақ сарын – Жұмекен өлеңі. 
«Талай жұмбақ күй шерттім, 
Шешу ғана қалып тұр. 
Ақылсыз көп құлақты
Кесу ғана қалып тұр»,
 - деп жырлаған ақынның өзі өз өлеңіне баға беріп кеткен. Біздің назарымыздағы Жұмекен жырлары құдды бір ғасыр бұрын қатталған уақыт капсуласы іспеттес. Бүгінгі жұртшылық сол капсуланы ашуын ашса-дағы ішіндегі алтынға бергісіз жауһар жырды өз биігінде ұға алмай жүрміз. 

Әдебиет пен өнердің ұштасуы кез келген адамзат ұрпағын шырқау сана биігіне көтерері хақ. Жұмекен – Тәңірден осындай нығмет тәбәрік болған тұлға. Алып тұлға. Ғұмыры да соған сай қысқа болды. Тұрмыстың мимырт тіршілігіне мойын бұра алмай кеткен асау Жұмекен, тағдырдың тәлкегіне миығынан күліп қараған ғажап Жұмекен, ортаның оспадар қылығын жырмен әшкерелеген заңғар Жұмекен. Иә, ол сондай биік еді, кемеліне толған кісі еді. 

Өз биіктігін Жұмекен ақын әр өлеңінде-ақ аңғартып, үзеңгілестеріне (онымен үзеңгі қағыстыруға жарағандар аз), тағдыр «сыйлаған» замандастарына тұспалдап салмақ тастап отырды. «Байронға» дейтін өлеңі: 
«Уа, керемет!
                 Буырқана туды өлең
Сол ғасырда өсек-ғайбат гулеген.
«Азаматтар» азап атты, тас атты,
атқан тастан Байран букет жасапты», 
- деген шумақпен басталады. Мұндағы Байронның прототипі – Жұмекеннің өзі. Нағыз тасадан тас атқандардың айы оңынан туған заманда адамдықтың озық үлгісін көрсеткен ақын сол тастан букет жасаған. Қыңқ етпеген, қайта қара пиғыл пенделерді әжуалай түскен. 
«Осы екен ғой, осы екен ғой ой деген,
Осы екен ғой ақын болып сөйлеген!
Көз алдымда от күреген алақан...
Ойхой менің британдық дана атам!» 
Әлдеқашан сүйегі қурап кеткен Байронға сыр ашқан ақынның іздегенін енді тапқандай қуануы кездейсоқ емес. «Ақын» ұғымының кеңістігін көзбен көргендей шаттанады, Байрон тұлғасы мен өзінен ұқсастық көріп, нәзік жаны бәһра табады. Қоғамындағы шала ақындардан шаршаған Жұмекен тұман сейіліп, күн көзін көргендей күйге бөленеді. 
«Кіп-кішкентай Британия аралын
тарсындың сен, жер шарына қарадың.
Арыстандай ағылшындық жүрекпен
асындың сен грек қару-жарағын...

Толқын болып құладың сен бір керім,
Шалшық болды теңізім деп жүргенің.
Алыс жаға көрінбек ед, көрінбек...
Бітті ақыры даңқты бір өлім боп.

Чайльд Гарольд көз салмайды кемеден,
Чайльд Гарольд, Чайльд Гарольд – көп өлең.
Қайда, қайда, махаббатың ұлы жан,
«Жүрегімді мұнда көмдім»– деген ең.

Болашаққа деген ізгі бір тілек,
арман, үміт күн кешіп ед бос қаңғып.
Сөз алғанда сен аңсаған бостандық,
Өз арнаңда өлең ақты күркіреп». 
Өлеңнің өне бойында ақын өз болмысын сипаттайды. Алып Байроннан тартып, өзіне дейінгі аралықтан нәзік байланыс табады. Арқырап, ағызған күйі есік алдынан асып шықпайтын бұралқы иттер қаптаған қоғамнан алысқа ұмтылысы баянды екенін, тіпті, ол ұмтылыс өліммен аяқталған күнде де жаны жай болатынын түйсінеді. Түйсініп кеп, тізгін тартады. Ақын кеудесіндегі алапат ой ағындары бір сәт саябыр тауып, күй ырғағына еліткен құймақұлақ бала кейпіне оралады. 
«Өмір – мәңгі, мәңгілік ғой, жыр, бәйгің!
Мәңгілікке айналғанның бәрі лұғат.
Өр рухтың, қиял, мұңның,
                                      табиғат
бәрін қосып жасапты ғой бір Байрон».
Өлең осылай тәмәмдалады. «Мәңгі өмірдің» құпиясын тапқан ақын Құдайдың шексіз құдіретіне тамсанып тоқтайды. Әсілі, Жұмекенді де хақ Жаратушы Байроннан бір мысқал кем жаратпаған. Жұмекен өлеңдерінің әлі қолтық жазып шаба алмай, аламанға қосыла алмауының жауабы бізден, бізден бұрынғы буыннан алынады. Аз қазаққа темірқазық болған ақынды қазақ өз биігіне қайта шыққанда таниды, саф өнермен қауышады. 

Жұмекен поэзиясында керемет нәзік лиризм де, асқақ рух та, мұң да, арман да бар. Бар болғанда қандай?!
«...Жүз толқындар бірін-бірі тұншықтырып ағады,
Қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады.
Міне, біздің Алматы осы,
Алма төсі бұлтиып,
Алма-төске жас бұтаның саусақтары түр тиіп.
Жүрші, жаным, қыдырайық, неғыласың жалғыз қап,
Алатаудың ақ қарынан әперейін балмұздақ!»
 - деп келетін «Алматы» өлеңінің өзі Абай айтқандай «тілге жеңіл, жүрекке жақын» жыр. Өлеңді оқыған сәтті-ақ сана түкпірінде керемет картина орнай қалады. Әсері жүректі қозғайды, еріксіз тәтті мұңдарды еске алдырады, кеудені сағыныш әлсіз ғана жанап өтеді. Мұның бәрі – «бақыттың кейбір сәттері». Осындай сезімдер сыйлауға құдіретті ақынның өзге өлеңі осал болуы әсте мүмкін емес. 

Жұмекен ақынның Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина күйлерін сөзге түсіргені – қазақ поэзиясындағы жаңалық. Домбыра шанағындағы асқақ құбылыстың сөз болып төгілуі – көз қаритын картина. 

Жұмекен аз ғұмырында өз миссиясын орындап өтті. Қазақтың бар мұңын өз жүрегінен сүзіп өткізген шайыр ақыры ана дүниеге аттанып кете барған. Ауруханада жатып жазған өлеңдер циклында да ауруды мазақ етіп, әжуалап, иронияға негізделген туындылар әкелді өмірге. Бұл – нағыз биіктіктің көрінісі. 

Жоба бойы көрген-білгенімізді әдемі сөзбен кестелеп, қағазға тізе берсек, әңгіменің дәм-тұзы сұйылып кетері сөзсіз. Біз Жұмекен туралы мөлтек ойымызды осымен тәмәмдамақпыз. 

Белгілі ақын, жұмекентанушы Алмас Ахметбекұлының күні бүгінге дейін талдаған барша өлеңі порталымыздың «Әдебиет» айдарында тұр. Ақын туралы түсінігіңізді тереңдеткіңіз келсе, оқыңыз. 

Біз Қасым Аманжолов айтқандай «келер ұрпақпыз». Қайнар Олжай, Алмас Ахметбекұлы сияқты ағаларымыз үшін де кейінгі буынбыз. Жас буын шын өлеңді танып, оны түсініп оқу үшін қай қырынан келуі керек? Осындай сан сауал қазақ өнерін тануға талпынған жастардың көкейінде самсап тұр. Білмек – парыз. Оқу – міндет. 
Әділет Мәдениет
Басып шығару
order lasuna generic - buy generic himcolin for sale himcolin brand

celebrex where to buy - buy celebrex no prescription how to buy indomethacin

order colospa 135mg generic - arcoxia 120mg brand order cilostazol 100mg generic

where to buy cambia without a prescription - aspirin 75mg over the counter buy aspirin 75mg without prescription

order mestinon 60 mg online - pyridostigmine us buy azathioprine no prescription

buy rumalaya online cheap - endep tablet elavil 50mg generic

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15